$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шерзат ісі: адвокат куә қыздарды ауыр қылмысты жасырғаны үшін күдікті деп тануды сұрады

Нұрбекова жалған ақпарат берген болуы мүмкін дейді ол

Шерзат ісі: адвокат куә қыздарды ауыр қылмысты жасырғаны үшін күдікті деп тануды сұрады
Фото: видеодан скриншот

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев сотта куәгер ретінде жауап берген Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіні оқиғаны жасырып, хабарламағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысын Алматы облысының прокурорына жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Адвокаттың айтуынша, сот процесінде куәгер ретінде жауап берген Эльмира Нұрбекова қазақша емес, орыс тілінде жауап берген. Алайда тергеу кезіндегі бейнежазбалар мен басқа да дәлелдер оның қазақ тілін жақсы білетінін көрсетті.

«Куә ретінде жауап алынбас бұрын Нұрбековаға өз құқықтары түсіндірілді. Сондай-ақ жалған ақпарат берген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны ескертілді. Оқиғадан кейін Нұрбекова сотталушылармен бірге көлікте отырған. Бейнежазбада оның әрекеті анық көрсетілген. Ол әңгімеге белсенді араласып, өз пікірін білдірген. Ешкім тарапынан оған шектеу қойылмаған. Сондықтан Нұрбекованың әрекетінде ҚР Қылмыстық кодексінің 421-бабы 2-тармағына сәйкес – сотқа көрінеу жалған ақпарат беру, сондай-ақ 434-бапқа сәйкес – ауыр қылмыс туралы хабарламау белгілері бар деп есептейміз», – деді адвокат Шекеев.

Мейірман Шекеев сондай-ақ екінші куәгер – Дана Жақсыгелдіге қатысты да ҚК 434-бабы бойынша қаулы шығаруды сұрады.

Ал мемлекеттік айыптаушылар бұл мәселеге қатысты жарыссөз кезеңінде өз пікірлерін білдіретінін мәлімдеді.Судья бұл талап арызды әзірге ашық қалдырды. 

Серіктес жаңалықтары