«Сенесіз бе, 2000 адам!»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын дүркіретіп өткізбек
Әнші тойына шақырылатын қонақ санын әлі де ықшамдау керек екенін айтты

«МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына екі мың адам шақырып, дүркіретіп өткізетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші тойына шақырылатын қонақ санын әлі де ықшамдау керек екенін айтты.
«Біз тойымызға 2000 адам шақырамыз деп отырмыз. Сенесіз бе? Екі мың адам! Біреуі «келемін» дейді, біреуі «көреміз» дейді, біреуі – мүлде үнсіз. Сөйтсек, ең қиын нәрсе кім нақты келетінін анықтау екен. «Келесің бе, келмейсің бе, бір ауыз айтсаңшы» деп айтқың келіп кетеді.
Осы сәтте мен түсіндім: келесі жолы өзім шақырту алсам, бірден жауап беремін», - дейді Сәкен Майғазиев.
Айта кетейік, осыған дейін Сәкен Майғазиевтің болашақ келіні өзін таныстырғаны хабарланған болатын.