$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында күйеуін жұмысқа алған әйел әкімдер жазаланды

Оларға қатаң сөгіс берілді

Павлодар облысында күйеуін жұмысқа алған әйел әкімдер жазаланды
Фото: freepik.com

Павлодар облысында туысын жұмысқа қабылдаған шенеуніктерді анықтауға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, Тереңкөл ауданы Октябрь ауылдық округінің әкімі Әлия Мукурова аппаратқа, сол сияқты Баянауыл ауданы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанна Узбаева бөлімге өз жұбайларын жүргізуші ретінде жұмысқа қабылдаған. Ал Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің әкімі Жанар Уалинованың жұбайының немере әпкесі аппараттың статистигі қызметін атқаратыны белгілі болды. 

Әлия Мукурова көрсетілген ауылдық округ әкімінің лауазымында 2022 жылдың 30 мамырынан бастап қызмет атқарады. Өз кезегінде, ол өз ісін екі ай аппаратқа жүргізуші лауазымына адам іздегенін, жалақының аздығына байланысты адам таппағанын алға тартып, 2022 жылдың тамызында өзінің жұбайын жүргізуші лауазымына тағайындағанын мәлім етті.  

Жанна Узбаева көрсетілген мемлекеттік мекеменің басшысы лауазымында 2021 жылдың 13 қыркүйегінен бастап қызмет атқарады. Оның жұбайы сегіз ай бөлімде жүргізуші қызметін атқарған. Өз кезегінде, бөлім басшысы тұрақты қызметкер қабылдағанға дейін жүргізуші ретінде жұмыс істеуді жұбайына өтінгенін, өйткені бұл жұмысқа ниет білдірушілер болмағанын алға тартты. 

Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің әкімі Жанар Уалиноваға көрсетілген ауылдық округ әкімінің лауазымында 2025 жылдың 21 қаңтарынан бастап қызмет атқарады.

«Басшылықты туыстық байланыс туралы хабарлау қажеттігін білмедім. Алайда, жұбайымның немере әпкесі аппараттың статистигі ретінде 2008 жылдың 14 сәуірінен қызмет атқарып келетінін атап өткім келеді, – деді Жанар Уалинова. 

Мемлекеттік қызметкерлер заңғы қайшы әрекеттерін мойындап, алдағы уақытта ұқсас заңбұзушылықтарға жол бермейтіндерін атап өтті. 

Әдеп жөніндегі кеңес отырысының мүшелері бірауыздан қызметкерлерге қатысты қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануға кеңес берді.

Серіктес жаңалықтары