Блогер қыз TikTok-тағы тікелей эфир кезінде оққа ұшты
Ол 23 жаста болған

Мексикада 23 жастағы Валерия Маркес есімді блогер сұлулық салонында тікелей эфирде отырған сәтте атып өлтірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy CNN арнасына сілтеме жасап.
TikTok эфирінде болған қылмыс
Қайғылы оқиға Мексиканың Сапопан қаласында болған. Бьюти-блогер Валерия Маркес өзінің TikTok парақшасында тікелей эфир жүргізіп отырған кезде сұлулық салонына белгісіз біреу кіріп келген.
«Валерия жазылушыларына сәлем жолдап отырған. Сол кезде бейтаныс адам кішігірім сәлемдеме алып келгендей болып есік қағыпты», – делінген шетелдік басылым мәліметінде.
Сәлемдемені алған соң, ер адам блогерге бірнеше мәрте оқ атқан. Эфир қылмыскер блогердің телефонын қолына алғанкезде бір-ақ үзілген. Кадрдан оның жүзі анық көрініп үлгерген.
Қанды қылмыстың себебі – гендерлік өшпенділік
Халиско штатының прокуратурасы бұл оқиғаны гендерлік зорлық-зомбылық негізінде жасалған деп отыр. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, күдіктінің кім екені анықталуда.
Естеріңізге сала кетсек, Астанада желіге «хайп» үшін қорқынышты пранк түсірген блогерлер әкімшілік қамауға алынды. Елордадағы ғимараттардың біріндегі лифтіге блогер Араш Гасанов «өлік» кіргізіп, пранк жасаған еді.