$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында өртенген көліктен мәйіт табылды: күдікті ұсталды

Оқиғаға қатысты Полиция департаменті түсініктеме берді

Алматы облысында өртенген көліктен мәйіт табылды: күдікті ұсталды
Көрнекі фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желіде 31 наурыз күні Алматы облысының Қарасай ауданында адам шошырлық оқиға туралы ақпарат тарады. Демалыс орындарының бірінің маңында өртеніп кеткен көліктен адам сүйегі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысының полиция департаменті ауыр қылмыс жасады деген күдіктінің ұсталғанын, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын мәлім етті.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында 43 жастағы күдікті анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайын объективті түрде тексеруге қажетті барлық тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр», - деп түсіндірді полиция.

Басқарма өзге мәлімет берген жоқ. Әлеуметтік желідегі мәліметке сүйенсек, марқұмды бизнес серіктесі жанжалдан кейін өлтірген болуы мүмкін. Ол қылмысын жасыру үшін мәйітті көлігімен бірге өртеп жіберген.

Серіктес жаңалықтары