02.04.2025, 07:41
Жаңалықтар
Forbes: 7 қазақстандық әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне енді
Рейтингті Илон Маск бастады, оның байлығы 342 миллиард долларға бағаланған
Фото: shutterstock
Жеті қазақстандық әлемнің ең бай адамдарының тізіміне енді. Forbes USA мәліметінше, тізімді олар бизнесмендердің активтері бойынша ресми бағамдары мен оларға тиесілі акциялардың бағасына сәйкес әзірлеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рейтингті Илон Маск бастады, оның байлығы 342 миллиард долларға бағаланған. Екінші орында 216 миллиард доллар байлығымен Марк Цукерберг, үшінші орында 215 миллиард доллар байлығымен Джефф Безос тұр.
Бұл тізімге қазақстандық кәсіпкерлер де енгенін айта кеткен жөн.
- 464-орын – 7,1 миллиард доллар байлығы бар Вячеслав Ким;
- 597 орын – Михаил Ломатадзе, 5,9 миллиард доллар;
- 605 орын – Тимур Турлов, 5,8 миллиард доллар;
- 620 орын – Владимир Ким, 5,7 миллиард доллар;
- 673 орын – Динара Құлыбаева, 5,3 миллиард доллар
- 673-орын – Тимур Құлыбаев, 5,3 миллиард доллар;
- 979-орын – Болат Өтемұратов, 3,7 миллиард доллар.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды