$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дубайдан Қазақстанға: алаяқтық жасап, шетелге қашқан күдікті елге жеткізілді

Күдікті 2020-2021 жылдар аралығында мемлекеттік органдарға жұмысқа кіруге көмектесу сылтауымен ел азаматтарының қаражатын иемденген

Дубайдан Қазақстанға: алаяқтық жасап, шетелге қашқан күдікті елге жеткізілді
Видеодан алынған кадр

20 желтоқсанда ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросымен халықаралық іздеуге жарияланған 37 жастағы ер адам Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2020-2021 жылдар аралығында ол мемлекеттік органдарға жұмысқа кіруге көмектесу сылтауымен ел азаматтарының қаражатын иемденген. Ақшаны алғаннан кейін күдікті республика аумағынан кетіп қалған.

«Осы жылдың қаңтар айында ІІМ Интерполының сұрауымен күдікті Дубайда ұсталды. БАӘ-нің құзыретті органдары оны біздің елге беру туралы шешім қабылдады. Ұсталған адам қазіргі уақытта ІІМ ӘТД қызметкерлерімен қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары