$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да боран кезінде адасып кеткен шопан дронның көмегімен табылды

Ол үйіне қайта алмай қалған

БҚО-да боран кезінде адасып кеткен шопан дронның көмегімен табылды
Фото: © istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында адасып кеткен шопан құтқарушылардың көмегімен табылды. Ол боран кезінде бағытынан жаңылып, үйіне қайта алмай қалған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жоғалған адамды іздеу үшін дрон қолданылды

Сырым ауданының Алатау ауылында тұратын ер адам мал іздеуге шығып, қайтып оралмаған. Алаңдаған туыстары құтқарушыларға жүгінген. Құтқару жұмыстарын жедел ұйымдастырған мамандар іздеу аймағын кеңейту үшін түнде көретін камера және жылу көрсеткіш құралдары бар дронды пайдаланған.

«Дронның көмегімен шопанның орналасқан жері таңға жуық анықталды. Оның қатты боранда бағытынан адасып қалғаны белгілі болды», — делінген ведомство хабарламасында.

Табылған шопанның денсаулығына зиян келмеген. Оны жақын маңдағы ауылға жеткізген құтқарушылар оған медициналық көмек қажет болмағанын айтты.

Серіктес жаңалықтары