$ 519.29  613.28  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.05.2020, 18:39
Жаңалықтар

Мақтааралда іргесі қаланған ықшамауданға 600-ге жуық жұмысшы тартылған

Құрылыс жұмысы тәулік бойы жүргізіледі

Мақтааралда іргесі қаланған ықшамауданға 600-ге жуық жұмысшы тартылған
фото: turkistan.gov.kz

Түркістанда Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен отырыс өтіп, Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының барысы талқыланды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жаңадан іргесі қаланған ықшамауданда тәулік бойы құрылыс жұмыстары жүруде. Құрылыс алаңына 600-ге жуық жұмысшы тартылған. Жұмысқа тартылғандардың жартысынан астамы Жетісай мен Мақтаарал ауданының тұрғындары.

«Ауданда су алған үйлердің, мал басы мен егістік алқаптарының құжаттары жинақталып, сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен үйлерді бағалау жұмыстары арнайы құрылған комиссия анықтайды», - делінген ақпаратта.

Әкімдіктің хабарлауынша, ауданға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Павлодар, Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарынан көмек келуде. Бүгінге облыстық штаб қоймасына 408 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналған. Бұдан бөлек, тұрғындар тарапынан қысқа толқынды пеш, үтік, теледидар, тоңазытқыш, кір жууы машиналарына тапсырыстар көптеп түсуде.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Мақтааралдағы су тасқыны жайлы сөз қозғап, күзге дейін қираған үйлердің орнына жаңа тұрғын үйлер салынатынын айтты

Серіктес жаңалықтары