Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 2 мыңнан асты
Тағы 79 адам коронавирустан жазылып шықты

79 адам коронавирустан жазылып шықты. Нұр-Сұлтан қаласы - 10, Жамбыл облысы - 7, Батыс Қазақстан облысы - 5, Павлодар облысы - 19, Атырау облысы - 8, Түркістан облысы - 11, Қостанай облысы - 1, Ақмола облысы - 1, Алматы облысы - 12, Шымкент қаласы - 5, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 2020: Нұр-Сұлтан қаласы – 414, Алматы қаласы – 418, Шымкент қаласы – 135, Ақмола облысы – 91, Ақтөбе облысы – 54, Алматы облысы – 82, Атырау облысы – 121, Шығыс Қазақстан облысы – 13, Жамбыл облысы – 91, Батыс Қазақстан облысы – 101, Қарағанды облысы – 96, Қостанай облысы – 29, Қызылорда облысы – 161, Маңғыстау облысы – 16, Павлодар облысы – 82, Солтүстік Қазақстан облысы – 29, Түркістан облысы – 87», - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 5160 адамға, қайтыс болғандар саны 32 адамға жетті.