Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
Ас Шұбарсу ауылында берілді
Түркістан облысында ауыл тұрғындары бас қосып, Каспий теңізінде суға кеткен 14 сарбаздың рухына арнап ас беріліп, Құран оқыды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ас Шұбарсу ауылында берілді. Сауабы мол істің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
«Қабыл болсын! Имандары жолдас, жатқан жерлері жайлы болсын! Ауыл адамдарына Алла разы болсын!», «Әр ір оқылған дұғаларыңыз қабыл болсын! Баршаларыңызға кетпес дәулет кең пейіл берсін! Сарбаздарымыздың жаны жәннатта болсын! Алла мейіріміне алсын!», «Оқылған Құран бағыштала берсін, жас сарбаздарға! Рақмет сіздерге, Алла сыйласын!» – деп жазды желі қолданушалары.
Айта кетейік, Каспий теңізінде оқу-жаттығу барысында 14 сарбаз қаза тапқан. Жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы 14 әскеридің қазасына байланысты тағы да шұғыл жиын өткізіп, арнайы құрылған комиссияның алғашқы есебін тыңдаған. Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылып, кімдер қамалғаны белгілі болды.