Шымкентте 6-шы адам коронавирустан көз жұмды
11 мамыр 17:40-тағы эпидемиологиялық жағдай

Коронавирус індетінен Шымкент қаласында бір адам көз жұмды, деп хабарлайды қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.
Марқұм 1955 жылғы азаматша Шымкент қаласы, Қаратау ауданының тұрғыны.
«65 жастағы әйел 2 мамыр күні ЖРВИ диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Науқастан зертханалық сынама алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 теріс нәтиже берген», - деп хабарлайды басқарма.
6 мамыр күні ол жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныстау аппаратына қосылған. Қайта ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы жүргізіліп, COVID-19 диагнозы нақтыланды.
«Науқастың қосалқы аурулары: Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, 3-ші дәрежелі артериалдық гипертензия, семіздік ауруының екінші дәрежесі, созылмалы калькулезді холецистит, созылмалы панкреатит», - деп хабарлайды басқарма.
Науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 11 мамыр күні, сағат 11:55-те науқас қайтыс болды.
Сондай ақ, осы сағатта ел бойынша індет жұқтырған тағы 22 жағдай тіркелді.
Түркістан облысы - 3,
Шымкент қаласы - 6,
Нұр-Сұлтан қаласы - 9,
Ақтөбе облысы - 1,
Жамбыл облысы - 3
Қазақстан бойынша барлығы - 5160 науқас:
Нұр-Сұлтан қаласы – 1083
Алматы қаласы – 1593
Шымкент қаласы – 239
Ақмола облысы – 110
Ақтөбе облысы – 175
Алматы облысы – 183
Атырау облысы – 302
Шығыс Қазақстан облысы – 51
Жамбыл облысы – 182
Батыс Қазақстан облысы – 252
Қарағанды облысы – 196
Қостанай облысы – 62
Қызылорда облысы – 230
Маңғыстау облысы – 129
Павлодар облысы – 154
Солтүстік Қазақстан облысы – 36
Түркістан облысы – 183
Айта кетейік, елде қауіпті індеттен қайтыс болғандар саны 32. Олар:
Нұр-Сұлтан қаласы – 3
Алматы қаласы – 9
Шымкент қаласы – 6
Ақмола облысы – 4
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Қарағанды облысы – 3
Қостанай облысы – 1
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 2
Түркістан облысы – 1