29.08.2024, 18:00
Жаңалықтар
Мәңгілік ел және Тұран даңғылы ішінара жабылады
Жол жөндеу жұмыстары 2 тәулікке созылады
Фото: Azattyq Rýhy
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік ел даңғылы мен Керей Жәнібек Хандар көшесінің қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыстардың жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сонымен қатар, Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жұмыстарының жүргізіледі.
Осыған байланысты 29-30 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаскелер ішінара жабылады.
Мәңгілік ел даңғылында автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асырылады. Ал Тұран даңғылында көлік құралдарының қозғалысы оң жақ съездер бойынша бағытталады.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды