29.08.2024, 11:10
Жаңалықтар
Астанада 31 тамыз күні бірнеше көше жабылады
«Saryarqa Run» спорттық марафоны өтеді
Фото: Астана әкімдігі
31 тамыз күні елордада «Saryarqa Run» спорттық марафонының өтуіне байланысты бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
31 тамыз күні сағат 8:00-ден 10:00-ге дейін төменде көрсетілген көшелер жабылады:
- Бейбітшілік көшесі Кенесары көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін;
- Ә. Жангелдин көшесі Бейбітшілік көшесінен Жеңіс даңғылына дейін;
- Жеңіс даңғылы Бөгенбай батыр даңғылынан С. Сейфуллин көшесіне дейін;
- С. Сейфуллин көшесі Бейбітшілік көшесінен Қ. Күмісбеков көшесіне дейін;
- Қ. Күмісбеков көшесі А. Жангелдин көшесінен Кенесары көшесіне дейін;
- Кенесары көшесі Қ. Күмісбеков көшесінен М. Әуезов көшесіне дейін.
Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін Бейбітшілік көшесі, 9 ғимаратының жанында автотұрақ ұйымдастырылып, Т. Бигелдинов көшесі жағынан келу жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды