$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.05.2020, 14:47
Жаңалықтар

Мақтааралда тағы 4 елдімекен тұрғындары эвакуациялануы мүмкін – Шөкеев

Ауданда төтенше жағдай жарияланды

Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Сардоба су қоймасынан су шығару тоқтатылды деп мәлімдеді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев хабардар етті. Кеше түнде Мақтаарал ауданының шекарасында өткізу қуаты секундына 120 м3 болатын «Центральный голодностепный Коллектор (ЦГК)» арнасында су көлемі артып бірнеше ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген болатын.

«4 елдімекеннен 5400 адамды эвкаукциялауға мәжбүр болдық. Ол кісілердің біразы өз көліктерімен шығып, туыстарының үйлеріне жайғасты. Қалғаны Атакент елдімекеніндегі мектепке орналастырылды. Олар тамақ, қажет жарақпен , медициналық көмекпен толық қамтамасыз етілген», - деді Шөкеев.

Оқи отырыңыз: Өзбекстанда дамба жарылды: адамдарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр

Қазіргі уақытта, су басқан өңірлерді қайта аралап, тексеру жұмыстары жүріп жатыр.  Егер су қарқыны бәсеңдесе, полиция күшімен елдімекендегі үй-жай мен мал-мүлік күзетке алынбақ. Шөкеевтің айтуынша, адам, мал шығыны жоқ. Ал, су деңгейі артса, тағы төрт ауылға қауіп төніп тұр.

«Онда Нұрлы жол, Фирдоуси, Жантақсай, Жайлыбаев  елдімекендерінің тұрғындары да эвакуциланады. Бізде Арыстан кейін үлкен тәжірибе бар, алгоритм бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жегілікті жердегі төтенше жағдай. Оны игеруге облыстың толық мүмкіншілігі бар. Қазір дүрлігіп кез келген көлікке мініп жолға шығудың қажеті жоқ. Бәрі ұйымдасқан түрде қалпына келеді»- деді өңір басшысы.

Оқи отырыңыз:Су қоймада апат: Мақтаарал ауданында тұрғындарды эвакуциялау жұмыстары басталды

Айта кетейік, кеше Мақтааралмен шекаралас жатқан Өзбекстанның Сырдария облысында жергілікті уақытпен таңғы сағат 5:55-те дамба жарылды. Сардоба су қоймасының құрылысы 2010 жылы басталып, 2017 жылы аяқталған. Оған 922 млн текше метр су сыяды.

Серіктес жаңалықтары