Коммуналдық қызметтерді төлеу үшін 1 млн 600-ге жуық отбасы көмек алады
Әкімдіктер өтініштерді қабылдауды қолға алды
Әкімдіктер халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының өкілдеріне коммуналдық қызметтерді төлеуге көмек көрсетуде белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда өтінімдерді қабылдау жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«Мамыр айында сәуір айының қорытындысы бойынша, шоттар белгілі болғаннан кейін төлем жасалады. Әр ай үшін 15 мың теңгеден есептеледі. Егер 2 айда шот 30 мың теңгеден кем болған жағдайда, қалған ақша келесі айға есептеледі», - делінген хабарламада.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларда, көп балалы отбасыларда, мемлекеттік қызметтерді орындау барысында қайтыс болған адамдардың отбасыларында коммуналдық қызмет көрсетушімен келісімшарт бір адамда болса, жеткілікті.
Алдын ала есептеу бойынша коммуналдық қызметтерді төлеуде 1 млн 600-ге жуық отбасы көмек алады.