Алматыда оқушы зорлығы бойынша қылмыстық іс тоқтатылды
Сараптама жыныстық зорлық-зомбылықтың болғанын растаған жоқ

Алматыда бірінші сынып оқушысын мектеп ішінде зорлады деген дереке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қылмыстың болмауына байланысты тергеу ісі тоқтатылды. Сараптама мен арнаулы мамандардың зерттеулері жыныстық зорлық-зомбылықты растамады. Алматы прокуратурасы тергеу органының шешімімен келісті», - делінген хабарламада.
Еске салайық, 1-сынып оқушысының мектеп қабырғасында зорлық көргені туралы баланың анасы 2023 жылдың қазан айының басында мәлімдеген болатын. Әйел оқиғаның Алматы халықаралық мектебінде болғанын, баласының үйге шалбарының жыртылып келгенін айтқан. Полиция дереу тергеуді бастады, алайда көп ұзамай ІІМ бірінші орынбасары бұл іс бойынша күдіктілердің жоқтығын мәлімдеді.