29.02.2024, 12:11
Жаңалықтар
Еуропа елдерінен пана сұраушылар саны рекодтық деңгейге жетті
Баспана сұрағандардың көбі Сирия мен Ауғанстан елдерінен келген
Фото: Bodo Schackow/dpa/picture alliance
2023 жылы Еуропалық Одақ елдері мен Швейцария, Норвегиядан пана іздегендерден 1,14 миллион өтініш түскен. Мұндай рекодтық көрсеткіш соңғы рет 2016 жылы болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі DW-ге сілтеме беріп.
Ең көп өтініш бұрынғы жылдардағыдай, Сирия азаматтарынан түскен. Олардың саны – 181 мың. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 38 пайызға көп.
Екінші орында Ауғанстан азаматтары тұр. Олардан 114 мың өтініш келген. 2023 жылдың соңында Палестинадан босқындар көптеп ағыла бастаған.
Еуропа елдерінен пана сұраған Түркия тұрғындарының да саны айтарлықтай өскен. Өтініштер саны 2022 жылмен салыстырғанда 82 пайызға артып, 101 мыңға жеткен.
Көп оқылған
13.06.2026, 14:57
БҚО-да жол талғамайтын көлік жыраға құлап кетті
13.06.2026, 11:36
Астана маңындағы бекетте полицияның қызметтік иті ірі көлемде есірткі тапты (ВИДЕО)
13.06.2026, 11:27
Шымбұлаққа көлікпен кіруге қойылған шектеу заңсыз деп танылды
13.06.2026, 10:58
«Қымбат пәтерлерге бронь алған»: Семейде үлескерлерді алдаған «Dala-SK» құрылыс компаниясының иелері сотталды
13.06.2026, 11:10
Қызыл, сары, көк: Астана әкімдігі туристерге арналған арнайы жол картасын сата бастады
13.06.2026, 10:43
Астанада Орталық Азиядағы Цзянсу провинциясының орталығы ашылды