$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.10.2023, 12:54
Қоғам

«Шалбары жыртылып келді»: Алматы тұрғыны 1-сыныпта оқитын ұлының зорланғанын мәлімдеді

Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды

«Шалбары жыртылып келді»: Алматы тұрғыны 1-сыныпта оқитын ұлының зорланғанын мәлімдеді
Фото ашық дереккөзден

Алматыда 1-сыныпта оқитын балаға сексуалды сипатта зорлық-зомбылық әрекеттерін көрсету бабымен тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жекеменшік мектепте оқитын баласының зорланғанын анасы әлеуметтік желіде жазған.

«12 қыркүйек күні ұлым мектептен шалбары жыртылып келді. Келесі күні оны тігейін деп отырғанымда, көзім ақ дақтарды шалып қалды. Сол кезде баламның зорлық-зомбылыққа ұшырағанын түсіндім, жанымда үлкен қызым болған. Екеуміз полиция шақырдық», – дейді әйел.

Айтуынша, ұлы не болғанын айтпаған, бірақ оның психологиялық жағдайы 15 қыркүйектен бастап қатты нашарлаған. Ұйқысы бұзылып, қорқынышты түстер көріп, агрессияға жиі берілетін болған. Қазір онымен психолог және психотерапевт жұмыс істеп жатыр.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.

«Қылмыстық іс Бостандық ауданы полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 121-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шараларының кешені жүргізілуде. Тергеу барысы бақылауда», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

ҚР Қылмысты-процестік кодексінің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмеді.

Серіктес жаңалықтары