Ақмола облысында болмаған төтенше жағдайды «жою» үшін 3 млн теңгеге шарт жасалған

Лауазымды тұлға айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылды

Ақмола облысында болмаған төтенше жағдайды «жою» үшін 3 млн теңгеге шарт жасалған
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Ақмола облысында прокурорлар болмаған төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша заңсыз жасасқан шарттарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Біржан сал ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында жергілікті атқарушы орган 3 млн теңгеден астам сомаға қызметтік автокөліктер мен ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге, конкурс өткізбей, бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы 3 шарт жасағаны анықталды.

«Конкурс өткізбеу себебі ретінде, төтенше жағдай салдарын жою қажеттілігін көрсеткен. Алайда прокурорлар анықтағандай, Біржан сал ауданының аумағында төтенше жағдайлар жарияланбаған, яғни мемлекеттік сатып алу туралы шарттар негізсіз жасасқан», - делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде лауазымды тұлға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.