ШұғылҚазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 152 мыңнан асты

14 наурызға арналған ауа райы болжамы

Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

Фото: ашық дереккөзден

14 наурыз күні фронтальды бөліктердің өтуімен байланысты ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) күтіледі. Республиканың тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі түнде кей жерлерде 18 м/с, күндіз 23-28 м/с жетеді.

Ақмола облысында түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 23-28 м/с артады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында түнде желдің күші 17-22 м/с артады.

Батыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жететіні болжанады.

Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерін тұман басады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.