14.03.2020, 03:58
Жаңалықтар
Тау бөктерінен бөлшектелген тауешкі еті табылды
Күдікті кінәсін бірден мойындады
Алматы облысында бөлшектелген тауешкінің еті табылды, – деп хабарлады Polisia.kz.
Полицейлер орман шаруашылығы және әскери қызметшілермен бірге Алматы облысы аумағында арнайы рейдтік іс- шаралар ұйымдастырған.
Тау бөктеріндегі жерлерді қарау барысында, Алакөл ауданы Көктұма ауылының 1966 жылғы тұрғынының жайылымдық учаскесінен пакетке салынған 2 тауешкінің еті табылды. Ұсталған азамат Сарыбөктер таулы аймағынан аңшылық қарумен 2 тауешкіні атып алғанын мойындады.
«Қазіргі уақытта ҚР ҚК 337-бабы «Заңсыз аң аулау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бөлінген 2 тауешкінің еті, мылтық, патрон гильзасы және басқа да заттар айғақзат ретінде тіркеліп, тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,-делінген сайтта.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
15.11.2026, 18:36
Астанада балағат сөздер айтқан такси жүргізушісі бес тәулікке қамауға алынды (ВИДЕО)
