14.03.2020, 02:14
Жаңалықтар
Коронавирусқа байланысты Трамп АҚШ-та төтенше жағдай жариялады
ТЖ режимін жариялау ақшаны жедел бөлуге мүмкіндік береді
Коронавирусқа байланысты АҚШ-та төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабаралады.
«Бүгін мен ресми түрде төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдадым», - деді Трамп Ақ үйде сөйлеген сөзінде.
Дональд Трамптың айтуынша, қабылданған шешімнен соң штаттарға тиісті қордан $50 млрд доллар бөлінеді. Қыруар қаржы коронавирусқа қарсы күреске жұмсалмақ.
Қазіргі таңда Америкада білім беру мекемелері жабылып, қоғамдық шаралардың барлығына тыйым салынған. Бұған дейін төтенше жағдай жекелеген штаттарда жарияланып келсе, енді бұл тәртіп барлық мемлекет аумағында енгізіледі.
Айта,кетейік, АҚШ- та Covid -19 вирусын 2 мыңға жуық адам жұқтырған. Кем дегенде 40 адам қайтыс болды.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды