14.03.2020, 10:17
Жаңалықтар
Ресей және Қырғызстан шекарасында ішкі құжатпен өтуге уақытша шектеу қойылды
Бұл шектеу коронавирустың таралуына байланысты қолға алынған
Фото: баспасөз қызметінен
Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Қырғыз шекарасында ішкі құжатпен өтуге уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шектеу COVID-2019 коронавирусының таралуына байланысты қолға алынған.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын өту кезінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін (жеке куәлік, туу туралы куәлік), Ресей Федерациясы азаматтары үшін (РФ азаматының паспорты), Қырғыз Республикасы азаматтары үшін (ID карта) ішкі құжаттардың қолданылуын уақытша шектеу туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды