$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада 24 мың текше метрден астам қар шығарылды

Көшелерді тазалауға 1 мыңға жуық арнайы техника мен 2,2 мыңнан астам жұмысшы тартылған

Астанада 24 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото ашық дереккөзден

Астанада жауған қалың қарды қаладан шығару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кеше түнде коммуналдық қызметкерлер 24 мың текше метрден астам қар шығарған. Көшелерді тазалауға 1 мыңға жуық арнайы техника мен 2 мың 200-ден астам жұмысшы тартылған. Мамандар ең алдымен жолдарда кептеліс болмас үшін қарқыны жоғары көшелерді тазартып жатыр. Кейін вокзал маңы аумақтары мен өзге де учаскелер қардан аршылады.

Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер қаладан 315 мыңға жуық жүк көлігін шығарды, бұл шамамен 4 млн текше метр. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, кешкі және түнгі уақыттарда күшейтілген тәртіпте жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары