$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін еліміз бойынша күн суытып, жауын-шашын жауады

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі

Бүгін еліміз бойынша күн суытып, жауын-шашын жауады
Фото ашық дереккөзден

Синоптиктер 17 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Қара теңіз аудандарынан келетін циклонға байланысты солтүстік аудандарда қар түрінде, оңтүстік аудандарда көбінесе жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады, оңтүстікте, шығыста, орталықта қатты жауын-шашын жаууы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман, көктайғақ, солтүстікте, орталықта бұрқасын, оңтүстік-шығыста найзағай, бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.

Алматы және Жетісу облыстарының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, түнде Абай облысының солтүстігінде, Түркістан облысының таулы аудандарында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін.

Түркістан, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Астанада бұлтты, түнде кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 2-4 градус аяз болады.

Алматыда күн бұлтты, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 5-10, найзағай ойнап, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 13-15 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Батыстан соғатын жел күші солтүстік-батыстан 8-13, түнде екпіні 17-22 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 10-12 градус жылы болады.

Серіктес жаңалықтары