$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Пасха мерекесінің қарсаңында Украинаның 130 әскері тұтқыннан босатылды

Украина президенті кеңсесінің басшылығы бұл ақпаратты растады

Пасха мерекесінің қарсаңында Украинаның 130 әскері тұтқыннан босатылды
Фото ашық дереккөзден

Ресейде Евгений Пригожин құрған жалдамалы сарбаздар жасағы христиандардың Пасха мерекесі қарсаңында Украинаның 130 әскерін үйіне қайтарғаны туралы видео жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Еуроньюске сілтеме жасай отырып.

«Вагнер» ұйымы 16 сәуірде бір топ әскердің видеосын жариялап, «Бұл Пасха мерекесі қарсаңында еліне бара жатқан Украин әскерлері» деген ақпарат таратты. Кейін Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак бұл ақпаратты растап, «Пасха мерекесі қарсаңында 130 жауынгер үйіне оралғанын» хабарлады.

Айта кетейік, бір ай бұрын Вашингтондағы саясаткерлер мен сарапшылар Евгений Пригожиннің жалдамалы сарбаздарын лаңкестік топ деп тану арқылы олардың әлемнің әр аймағындағы іс-әрекетін шектеуге көп жол ашылатынын мәлімдеген еді.

«Америка дауысы» басылымының жазуынша, Конгрестің екі палатасында, Сенат пен Өкілдер палатасында «Вагнер» тобын – Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясының негізгі күші саналатын жалдамалы сарбаздарын «шетелдік террористік ұйым» деп тану шешімі нығая түседі.

Серіктес жаңалықтары