АҚШ Конгресі ресейлік «Вагнер» тобын лаңкестік ұйым деп жарияламақ

«Ресей жалдамалыларын жауапқа тарту туралы» заң жобалары екі палатада қаралып жатыр

 

АҚШ Конгресі ресейлік «Вагнер» тобын лаңкестік ұйым деп жарияламақ
Фото ашық дереккөзден

Вашингтондағы саясаткерлер мен сарапшылар Евгений Пригожиннің жалдамалы сарбаздарын лаңкестік топ деп тану арқылы олардың әлемнің әр аймағындағы іс-әрекетін шектеуге көп жол ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Америка дауысы» басылымының жазуынша, Конгрестің екі палатасында, Сенат пен Өкілдер палатасында «Вагнер» тобын – Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясының негізгі күші саналатын жалдамалы сарбаздарын «шетелдік террористік ұйым» деп тану шешімі нығая түседі.

Көптеген сенатор мен конгрессмендер Ақ үйдің «вагнерліктерді» трансұлттық қылмыстық топ деп атау туралы жақында қабылданған шешімін Вашингтонның Шығыс Еуропа, Африка, Таяу Шығыс пен Оңтүстік Америкада белсенділік танытқан ресейлік жалдамалыларға қарсы тұруындағы маңызды, бірақ жеткіліксіз қадам болды деп санаған еді.

«Ресей жалдамалыларын жауапқа тарту туралы» заң жобалары (Holding Accountable Russian Mercenaries Act) екі палатада да қаралып жатыр.  

АҚШ Хельсинки комиссиясының қазіргі төрағасы, Оңтүстік Каролинадағы республикалық конгрессмен Джо Уилсон «Вагнер» жеке әскери компаниясы «террористік әдістерімен бейбіт елдердің қауіпсіздігіне айқын қатер төндіретінін» айтты.

«Егер «Вагнер тобын» АҚШ билігі ресми түрде «шетелдік лаңкестік ұйым» деп таныса, топтың қызметін тоқтатуға мүмкіндік әлдеқайда көп болады», - дейді Конгрестегі тыңдалым қатысушылары.

Тақырыпқа орай: Ресейде әскерге шақыру жасын көтеретін заң жобасы енгізілді

Тыңдау барысында сенаторлар дауыс беру келесі аптада өтуі мүмкін екенін айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.