Украина Польшамен ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау туралы келіссөз өткізеді

Украина сондай-ақ Румыния және Словакия елдерімен келіссөз өткізуге мүдделі

Украина Польшамен ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау туралы келіссөз өткізеді
Фото ашық дереккөзден

Украинаның Аграрлық саясат және азық-түлік министрі Николай Сольский дүйсенбі күні Варшавада өз елінің азық-түлік өнімдерін Польша аумағы арқылы қайта экспорттау мәселелері жөнінде келіссөз өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі ВВС-ге сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы Сольский жексенбі күні украин телеарналарында өткен телемарафон кезінде ресми түрде мәлімдеген. Оның айтуынша, осы келіссөз кезінде ең алдымен жүк көліктерінің транзиті туралы мәселе қаралады.

Польшадан кейін Украина Румыния және Словакия елдерімен дәл осындай келіссөздер өткізуге мүдделі.

Айта кетейік, Польша мен Венгрия өз шаруаларының өнімі жақсы бағада сатылуы үшін 15 сәуірден бастап Украинаның ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға эмбарго (тыйым) енгізген болатын. Бұл елден өзге, Болгария елі де Украинаның ауыл шаруашылығы өнімдеріне уақытша тыйым салу туралы мәселе көтерген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.