$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Судандағы қақтығыстар кезінде БҰҰ-ның үш қызметкері қаза тапты

Олар Ұйымның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламасының бейбіт қызметкерлері болатын

Судандағы қақтығыстар кезінде БҰҰ-ның үш қызметкері қаза тапты
© AFP

Суданда 15 сәуірде басталған қақтығыстар шиелене түсті. Шығыс Африкадағы бұл елдің бірнеше қаласында ондаған бейбіт тұрғын мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy әлемдік басылымдарға сілтеме жасай отырып.

Қаза тапқандар арасында Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасының үш қызметкері бар екені анықталды. Бұл туралы Бағдарламаның директоры Синди Маккейн мәлімдеп, қарулы қақтығыс бастаған тараптарды келісімге шақырды.

Ол сондай-ақ қақтығыстар тоқтаса Бағдарламаның өзге қызметкерлері Судандағы мұқтаж халыққа гуманитарлық көмек жеткізетінін айтқан.

Белгілі болғандай, Судандағы қақтығыстарда қаза тапқандар саны алпыс адамға жуықтап, тағы 595 адам зардап шеккен болатын.  Елдегі армия мен жедел әрекет ету күштері ел астанасын басқару үшін шайқасып жатыр.

Судандық наразылық білдірушілер

Серіктес жаңалықтары