Қасым-Жомарт Тоқаев Өмірзақ Шөкеевтің көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты

Azattyq Rýhy

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы хабарлады

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Өмірзақ Шөкеевтің көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өмірзақ Шөкеевке көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-парақшасында мәлім етті.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды.

Президент аймақ басшысы қызметіндегі көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты», - делінген хабарламада.

Тақырыпқа орай: Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Өмірзақ Шөкеев 2019 жылдың 26 ақпанынан бүгінге дейін Түркістан облысының әкімі қызметін атқарып келді. Ол 24 тамызда отставкаға өтініш берді. Оған биылғы 23 ақпанда Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, 10 жылға сотталуы себеп болды.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.