Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш берді

Azattyq Rýhy

Оның қол астында жұмыс істеген экс-әкім пара алғаны үшін сотталды

Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш берді
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Еске салайық, бұған дейін оның қол астында жұмыс істеген Дәурен Махажанов 42 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған болатын. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Кентаудың экс-әкіміне қатысты үкім күшіне енді.

Шөкеев 24 тамыз күні отставкаға кетуге өтініш жазған.

Өмірзақ Шөкеев 1964 жылы ОҚО өңірінде дүниеге келген. Жоғары білімді, Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын «Экономист-математик» мамандығы бойынша тәмамдаған. МЭСИ аспирантурасын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын Қазақ ССР Мемлекеттік жоспары жанындағы АСПУ ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері болып бастаған. Түрлі жылдары ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңес берушісі болды, Президент аппараты мен министрлер кабинетінде қызмет істеді, әкімшілік жетекшісінің орынбасары болды, ОҚО облысының әкімі, ҚР экономика және сауда министрі, Премьер-министрдің орынбасары (макроэкономика, өндіріс, сауда, көлік, энергетика, ғылым, ТМД елдерімен байланыс салалары бойынша) лауазымдарын атқарды, «Банк Тұран-Әлем» ЖАҚ басқармасының төрағасы, Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып істеді.

  • 1998 – 2004 жылдары – Қостанай облысының әкімі;
  • 2006 – 2007 жылдары – Астана қаласының әкімі; ОҚО әкімі лауазымдарын атқарды.
  • 2007 – 2009 жылдары – Премьер-министрдің орынбасары;
  • 2009 – 2011 жылдары – Премьер-министрдің бірінші орынбасары.
  • 2011 жылдың желтоқсан айында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы болып, 2016 жылы осы лауазымға қайта сайланды.
  • 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі болып қызмет етті.
  • 2019 жылдың 26 ақпанынан бері Түркістан облысының әкімі лауазымында.
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.