$ 519.29  613.28  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.02.2020, 01:21
Жаңалықтар

Медициналық маскалардың әлемдік қоры таусылуға жақын – ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы медициналық маскаларға сұраныс жүз есе артқанын мәлімдеді

Медициналық маскалардың әлемдік қоры таусылуға жақын – ДДСҰ
Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус алдағы 4-6 айға медициналық маскалардың қоры жетпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол ДДСҰ сайтында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Оның айтуынша, маска мен респираторларға сұраныс жүз есе артып, бағаның жиырма пайызға артуына алып келген.

«Бұл жағдай емделушілерден басқа адамдардың масканы орынсыз пайдалануына алып келді», - деп жазған ол.

ДДСҰ басшысының айтуынша, дефицит кезінде ең алдымен медициналық маскамен денсаулық сақтау саласының мамандары қамтылуы керек. Одан кейін – емделушілер, сосын барып емделушілердің таныс-туыстары.  Ол инфекция деңгейі төмен жерлерде медициналық маскаларды жинамауға шақырды.

Айта кету керек, қазіргі таңда коронавирус жұқтырғандар саны 31 мыңға жетті. 600-ден астам адам қаза тауып, 1764 адам емделіп шықты. Қазақстандағы медициналық маска өндіретін кәсіпорындардың барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Серіктес жаңалықтары