$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.02.2020, 18:10
Үкімет

Қазақстанда медициналық маскаларды экспорттауға тыйым салынбаған - ИИДМ

Қазақстандағы медициналық маска өндіретін кәсіпорындардың барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Қазақстанда медициналық маскаларды экспорттауға тыйым салынбаған - ИИДМ
Фото: ашық дереккөзден

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі медициналық маскаларды (бетперде – ред.) Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынбағанын хабарлайды.

Министрліктің хабарлауынша, бүгінгі таңда Қазақстандағы медициналық берперде өндіретін кәсіпорындардың барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Олар - «Super-pharm» (Жамбыл облысы), «Dolce» ЖШС (Алматы облысы), «Mega Pharma» ЖШС (Шымкент қаласы), «Medical Active Group» ЖШС (Алматы қаласы). 

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип қазақстандық кәсіпкерлердің жағдайды пайдаланып, медициналық маскаларды жаппай Қытайға сата бастағанын айтқан еді. Министрліктің ресми өкілінің айтуынша, Үкімет қордағы медициналық маскаларды сырт елге сатуына байланысты экспортқа шектеу қойған.

Серіктес жаңалықтары