ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Анар Қайырбекова ОҚМПУ ректоры қызметінен босатылды

Қайырбекова жұмыс барысында бірқатар кемшілікке жол берген

Анар Қайырбекова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

«ҚР Еңбек кодексі туралы заңын, «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңын және «ОҚМПУ» ҰАҚ Жарғысын басшылыққа ала отырып, ҚР БҒМ бұйрығымен Анар Қайырбекова өзі атқарып отырған қызметінен босатылды. Өкінішке қарай, жұмыс барысында Қайырбекова бірқатар кемшілікке жол берген, сондай-ақ, ҚР БҒМ алға қойған міндеттемелерді орындамаған», – делінген хабарламада.   

Қазіргі уақытта аталмыш қызмет орнына жарияланған конкурс қорытындысы шыққанша басқарма төрағасының міндетін проректорлардың бірі атқаратын болады. 

Еске салсақ, Анар Қайырбекова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университет ректоры қызметіне 2019 жылдың 21 қазанында тағайындалған еді.