Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 600-ден асты
Бүгінде 186 мыңнан астам адам дәрігерлердің бақылауында
Қытайда Коронавирус құрбандарының саны 636-ға жетті. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау және гигиена мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия хабарлады, деп жазады РИА Новости.
Бұған дейін қауіпті індеттен 563 адамның көз жұмғаны туралы айтылған болатын. Ал, вирусты жұқтырғандар саны 28 мыңнан асып кетті.
«6 ақпан күнгі жағдай бойынша, Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитет 31 провинциядан коронавирустың жаңа түрін жұқтырған 31 161 жағдай туралы ақпарат алды. Оның ішінде 4 821 адам ауыр жағдайда болса, 636-ы қайтыс болды, ал 1 540 адам ауруханадан шығарылды», - делінген хабарламада.
Соңғы тәулікте коронавирустың жаңа түрін жұқтырды деген күдікпен тағы 26,4 мың адам тіркелген. Қазіргі уақытта 186 мыңнан астам адам ауруханада дәрігерлердің бақылауында.