$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.02.2020, 08:53
Жаңалықтар

Қазақстанның бес аймағын көктемде су басуы мүмкін

Мамандар биылғы көрсеткіштер 2017 жылғы деректермен сәйкес келеді деп отыр 

Қазақстанның бес аймағын көктемде су басуы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Қазгидрометтің болжауынша, еліміздің бес өңірінде су тасу қаупі бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар биылғы көрсеткіштер 2017 жылғы деректермен сәйкес келеді дейді. Еске салсақ, үш жыл бұрын Қазақстанның бірнеше өңірінде су тасқыны болып, мыңдаған адам зардап шекті. Өкінішке қарай, елімізде мұндай оқиғалар жыл сайын қайталанады.

Ал биыл айтып келмейтін апат еліміздің бес өңірінің халқын әбігерге салуы әбден мүмкін. Синоптиктердің болжауынша, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында қардың мөлшері нормадан көп. Кейбір деректер 2017 жылғы мәліметтермен сәйкес келеді. Сондықтан көктемде бұл бес аймақта су мөлшерінің жоғары ықтимал.

 «Ақпан және наурыз айларында күннің күрт жылуынан далада жатқан қар ериді. Атап айтқанда, Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарында далада жатқан қардың еруінен және өзендердегі мұздардың еру процесінен бірінші су тасқыны кезеңі жүре бастайды. Келесі кезең наурыз айының аяғы мен сәуірдің басында Қазақстанның орталық аймақтарында», - деді Гидрология департаментінің директоры  Дидар Жәнібекұлы.
 

«Қазгидромет» ауа райы болжамы тиісті органдарға апта сайын жіберіледі деді. Яғни қардың мөлшері, судың деңгейі алдын ала есептеледі.

Серіктес жаңалықтары