07.02.2020, 05:42
Жаңалықтар
БҚО-да Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы қамауға алынды
Ол 200 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді
БҚО-да Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Марат Есенов екі айға қамауға алынды. Іс мамандандырылған тергеу сотына жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Марат Есенов қызметкерді жоғары лауазымға тағайындау үшін 200 мың теңге пара алды және оған қамқорлық жасамақ болды деген күдікке ілінді», - деп жазылған хабарламада.
Құқық бұзушылық жағдайын ескерген судья лауазымды қызметте болған М.Есенов бостандықта болса, куәгерлерге қысым көрсетуі мүмкін екенін назарға алған.
«Ол объективті тергеу жұмыстарына кедергі келтірмес үшін осындай қатаң шара қабылданды», - деп жазылған хабарламада.
Көп оқылған
17.09.2026, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
17.09.2026, 20:09
«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Қайрат Нұртастың анасы сотталып кеткен Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті
17.09.2026, 06:31
Астанада ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған: қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды (ВИДЕО)
Бүгін, 00:43
Әйелін балаларының көзінше қан-жоса етіп ұрған: Шымкентте ер адамның үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)