Тас жолдың бойындағы дәретханалар мәселесін шешу үшін заңға өзгерістер енгізу керек - ҚазАвтоЖол
Денсаулық сақтау министрлігі АЖҚС-та абаттандырылған дәретханалардың болуын міндеттеуі мүмкін
Республикалық маңызы бар автожолдардың бойындағы санитарлық-гигиеналық дәретханаларды орнату үшін алдымен заңға өзгерту енгізу керек екен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Ұлттық компанияның ақпаратынша, қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 820 жанармай бекеті бар. Олардың 412 (50%) ұлттық стандартқа сәйкес келмейді. Мұндағы басты мәселенің бірі – абаттандырылған санитарлық-гигиеналық тораптардың болмауы. Санитарлық талаптарға сай келетін тораптардың жетіспеушілігін жоюдың бір жолы - жанар жағармай стансаларының қожайындарын міндеттеу.
«Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «АЖҚС-тағы санитарлық ережелерге» өзгертулер енгізіп, АЖҚС-та абаттандырылған дәретханалардың болуын міндеттейді. Жанармай стансаларының өкілдері Ұлттық стандарттардың жаңа талаптарын толық қолдап, өздерінің АЖҚС-тарын модернизациялауға дайын. Жиынды қорытындылай келе, тараптар келесі келісімге келді: желілік АЖҚС (Helios, Sinooil, Gas Energy и ҚазМұнайГаз) иелері 2020 жылғы 14-ақпан мерзіміне дейін санитарлық-гигиеналық тораптарды Ұлттық стандарттың талаптарына сәйкестендіру бойынша жоспарларын ұсынады», - деді Департамент директоры Рустам Исаев
Әмірболат Құсайынұлы, Алматы