Павлодар облысында автокөлік пен алты тонна шөп өртеніп кетті
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады
Шарбақты ауылында 1989 жылы шығарылған BMW жеңіл автокөлігі, сол күні түнде Ақсу ауылдық аймағының Еңбек ауылында алты тонна шөп жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«5 ақпан күні сағат 12:42-де Шарбақты ауылында ашық аумақта газ отынындағы 1989 жылы шығарылған BMW жеңіл автокөліктің мотор бөлігінде от шығып бір жарым шаршы метр аумақта резеңке-техникалық бұйымдар жанған», - деді ТЖД баспасөз қызметінде.
Оған қоса, сол күні сағат 23:13-те Ақсу ауылдық аймағының Еңбек ауылында № 12 өрт сөндіру бекетінен 25 шақырым жерде ашық аумақта жалпы ауданы 50 шаршы метрді қамтыған 6 тонна шөп жанып кетті. Өрт салдарынан келген шығын анықталуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, шөптің өртенуіне тұрғындардың отпен абайсыз болуы себеп болған.