ШұғылҚазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 152 мыңнан асты

Жолдау бойынша атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Фото: primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов Үкіметке бекітілген 64 ЖҰЖ тармағының 34-і орындалғанын, қалғаны орындалу үстінде екенін баяндады. 

Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының шараларын іске асыру барысы туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Абаев, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, сондай-ақ қаржы министрінің бірінші орынбасары Б. Шолпанқұлов пен ішкі істер министрінің орынбасары А. Калайчиди баяндады. 

ЖҰЖ-дың инвестицияларды тарту көлемін арттыру, инвестициялық ахуалды жетілдіру және экспортты ынталандыру, мемлекеттік басқару реформасын жүргізу, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің санын оңтайландыру, салық жүйесін жаңғырту және т. б. бойынша тармақтарына ерекше назар аударылды. 

Үкімет басшысы ҚР президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының барлық тармақтарын сапалы әрі уақытылы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.