Шымкенттегі қоғамдық тамақтану орындарында кемшіліктер анықталды
Мамандар 106 нысаннан заңбұзушылықтар анықтады
Шымкентте санэпид қызметі қоғамдық тамақтану орындарын тексерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Мамандар 106 нысаннан заңбұзушылықтар анықтады. Дәмханалар мен мейрамханалардың азық-түлік сақтау талаптарын өрескел бұзатындығы әшкереленді. Сондай-ақ қызметкерлердің медициналық кітапшалары да жоқ болып шықты.
«Сол жердегі жұмысшылардың медициналық тексерістен өтпеуі, дезинфекциялық режим сақталмауы және де дайын тағамдардың сақталу талаптарының бұзылуы, азық-түлік сақталуының бұзылуы сол сияқты заңбұзушылықтар анықталды», - дейді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД басшысының орынбасары Алмат Қосалиев.
Санэпид мамандары бұл нысандарды жылына бір рет тексереді. Ал 50 адамдық шағын дәмханаларды тек арыз-шағым түссе ғана мазалауға рұқсат.