08.02.2020, 04:49
Жаңалықтар
Жапонияда 3700 адам коронавирус кесірінен круиз лайнерінен шыға алмай отыр
Кемедегі 61 адамнан коронавирус анықталды
Фото: reuters.com
Жапонияның Йокогама портында 3700 адамы бар круиз лайнері екі аптаға карантинге жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі TJournal басылымына сілтеме жасап.
Кемеде бір адамнан жаңа коронавирус анықталғаннан кейін, карантин жарияланған болатын. 6 ақпан күні кемедегі жиырма адамға коронавирус диагнозы қойылған. Соңғы мәліметтер бойынша, лайнерде коронавирус жұқтырғандар саны 61 адамға жетті.
Вирус жұқтырған адамдар ауруханаға жеткізілді. Қалған жолаушылар мен қызметкерлер екі аптаға тексеріске қалдырылды.
Карантин жарияланғаннан кейін екі күн өткен соң жолаушылар 90 минутқа таза ауаға шығарыла бастады. Оларға топтасып жүруге тыйым салынған.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды