ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

Министр ШҚО полиция департаментінің жаңа басшысын таныстырды

Департаменттің бұрынғы басшысы дәл осы лауазыммен Маңғыстау облысына ауысты

фото: polisia.kz

Бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ШҚО полиция департаментінің жаңа басшысын жеке құраммен таныстырды.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, ПрезидентіӘкімшілігімен және аймақ басшысы Даниал Ахметовтың келісімі бойынша полиция полковнигі Сағат Кентайұлы Мәдиев ШҚО полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Сағат Мәдиев 1969 жылы туған. Ішкі істер органдарында 1990 жылдан бері жұмыс істейді. Ақмола, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының полиция бөлімдерінде басшылық қызмет атқарды. 2017 жылдың наурыз айынан бастап ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында болған.

Ал, ШҚО полиция департаментінің бұрынғы басшысы Жанарбек Бақтыбаев бүгін Маңғыстау облыстық полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды.