$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.01.2020, 16:32
Жаңалықтар

Huawei Google-дан түбегейлі бас тартпақ

Қытайлық компания америкалықтарды үндіс өндірушілеріне алмастырмақ

Huawei Google-дан түбегейлі бас тартпақ

Huawei өнімдері бұдан былай Google сервистерін пайдаланбайды. Бұл туралы Венада өткен баспасөз мәжілісінде қытайлық компанияның өңірлік менеджері Фред Ванфей мәлімдеді, деп хабарлайды Der Standart.

Оның айтуынша, АҚШ тарабы бұған дейін қойған шектеулерін алып тастаса да Huawei смартфондарға қажетті сервситерді өз бетінше таңдайтын болады. Өйткені, мемлекеттер арасындағы саяси текетірес өрши түссе, алып компания Google-ға тәуелді болғысы келмейді.

Der Standart басылымының жазуынша, Huawei алдағы уақытта америкалық өнімдерден түбегейлі бас тартуы мүмкін. 2019 жылдан бастап шыққан қытайлық смартфондарда онсыз да Google Play, YouTube, Gmail қосымшалары жоқ. Оны қолданушылардың өздері жүктеп алады.

Желтоқсан айында Huawei өкілдері Google-дың орнына үндістандық өндірушілермен жұмыс істесетінін мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#google #Huawei