Атырау облысында бес ай бұрын жоғалып кеткен малшының мәйіті табылды
Шаруа қожалығында жұмыс істейтін Өзбекстан азаматы үйден шығып кетіп, сол күйі оралмаған
Атырау облысында бес ай бұрын жоғалып кеткен малшының мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.
Былтыр желтоқсан айының 16-сы күні Атырау облысы Қызылқоға ауданы Кенбай елді мекеніне қарасты «Азамат» шаруа қожалығының малшысы, 42 жастағы Өзбекстан азаматы далаға шығып кетіп, оралмаған. Бірнеше күн бойына жүргізілген іздеу жұмыстары өз нәтижесін бермегеннен кейін іздестіру тоқтатылған.
Қызылқоға АПБ учаскелік инспекторы Е. Сағытжанов өзіне белгіленген аумақты тексеру барысында «Азамат» шаруа қожалығынан 3 шақырым жерден белгісіз адамның мүрдесін тауып алған. Мүрдеге сот-медициналық сараптамалар жүргізіліп, оның бес ай бұрын қыста жоғалып кеткен малшы Н.Б. екендігі анықталды.