Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасына 51 млрд теңге бөлінді
Бұл бағдарламаға құжат қабылдау 15 маусымда басталады
Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша бюджеттен 51 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өткен жылы аталған бағдарламаға республикалық бюджеттен 70 млрд теңге бөлінді.
«Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы 15 маусымға қарай басталады. Оған 51 млрд теңге бөлінді. Индустрия министрлігімен, құрылыс істері жөніндегі комитетімен тығыз жұмыс жүргізіліп жатыр. 5 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлайды деп отырмыз», - деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова.
Айта кетейік, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша халықтың үш санаты баспана ала алады: көпбалалы отбасыларға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар және толық емес отбасылар. Банк мөлшерлемесі - 2 %, алғашқы жарна 10 %.