Ақтөбеде қараусыз қалған гараждан граната табылды

Azattyq Rýhy

Қазір полицейлер гараждың бұрынғы иесін іздестіріп жатыр

Ақтөбеде қараусыз қалған гараждан граната табылды

Ақтөбеде қараусыз қалған гараждан граната табылды,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

24 мамырда сағат 14:30 шамасында Ақтөбе қаласындағы Авиатор-3 гараж кооперативінде қараусыз қалған гаражды бұзу кезінде граната табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

 Оқиға орнына жедел қызметтер шұғыл шықты. Арнайы бөлімше саперлері табылған гранатаны болжам бойынша Ф-1 әскери гранатасын екендігін анықтады. Баллистикалық сараптама тағайындалды.

«Полиция гараждың бұрынғы иесін анықтауда. ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғышқұрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп көрсетті Полиция департаменті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.