24.01.2020, 21:09
Жаңалықтар
Синоптиктер 25-27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады
Алдағы күндері елімізде қар мен боран сақталады
Фото: ашық дереккөзден
«Қазгидромет» 25-27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Циклон Батыс Сібір аймағынан өтпей жатып, кезекті циклон және онымен байланысты фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігіне әсерін тигізеді. Соған байланысты тағы да қар жауады, кей жерлерде борап болады, көріну қашықтығы 50-200 метрге дейін нашарлайды, сондай-ақ дауылды жел болады. Оңтүстікте және батыста жауын-шашын жауады және жылбысқы қар түседі, сонымен қатар тұман, көктайғақ болжанды», - делінген Қазгидромет хабарламасында.
Синоптиктердің айтуынша, ауа температурасының ауытқуына қарамастан, алдағы үш тәулікте көрсеткіш орташа 4-10 градустан жоғары болады.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 17:10
Маңғыстауда жалған неке арқылы 50 млн теңге жымқырған подполковник 6 жылға сотталды
15.08.2026, 16:32
СҚО-да құтқарушылар дронның көмегімен алқапта адасқан қызды тапты