24.01.2020, 21:38
Жаңалықтар
Мектеп дәретханасында оқушыны зорлаған педофил 25 жылға сотталды
Сонымен қатар оған кастрация жасалатын болды
Фото: ашық дереккөзден
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Тараздағы мектеп дәретханасында 12 жастағы қызды зорлаған адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Сот шешімімен 38 жастағы ер адам 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған химиялық кастрация жасалатын болды. Сондай-ақ сот жәбірленушіге 5 миллион теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу жазасын тағайындады.
Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың қараша айында Тараздағы мектептердің біріндегі дәретханада 7-сынып оқушысы зорланған еді. Оқиғаға байланысты мектеп директоры, білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылған болатын.
Көп оқылған
02.04.2026, 15:48
Екі бала қоршаудан әрі ұшып кеткен: Талдықорғанда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
02.04.2026, 13:13
Табысынан шығыны көп қазақстандықтар енді 10 пайыз салық төлеуі мүмкін
02.04.2026, 11:28
Юпитерден энергия алу идеясын ұсынған: қазақстандық оқушылар әлемдік байқауда жеңіске жетті
02.04.2026, 14:58
Павлодарда ер адам досын қорғаймын деп пышақ жарақатынан қаза тапты